Тәліптер содырлармен күресу үшін арнайы жасақ құрады
|
Ауғанстан билігіндегі тәліптер қозғалысы Шам мен Сирия жерінде ойран салған содырлардың ел аумағындағы топтарымен күресу үшін арнайы жасақ құратын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Afghanistan International ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арнайы бөлімше жұмыссыз тәліптерден жасақталады. Олар барлау қызметінің деректерін басшылыққа алып, лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізеді. Осыған байлагысты Ауғанстанның ішкі істер министрлігі аймақтық басшылықтарға жұмыссыз азаматтар тізімін жасауға тапсырма беріп отыр. Тәліптердің пікірінше, жұмыссыз жүргендер ең алдымен лаңкестер құрығына түседі. Сондықтан оларды лаңкестерге қарсы пайдаланудың қауіпсіздік тұрғысынан маңызы зор.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ВИЗАСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАТЫСТЫ САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
■
Араб дәрігерлері туабітті соқыр нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді
■
Миллиардер өзінің цифрлы АІ сыңарынан сұхбат алды (видео)
■
Саудиялық студент Apple байқауының үш жеңімпазының бірі болды
■
Невропатолог ауырсынудың ең ауыр түрін атады